Курстар

BSc Computer Sciences (Компьютерлік ғылымдар)

Компьютерлік ғылымдар – шығармашылық жаңалықтар мен өнертабыстарға толы, қазіргі өмірдің барлық саласына әсер ететін қызықты әрі қарқынды дамып келе жатқан сала.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы

Компьютерлік ғылымдар (BSc), дайындық жылын қамтитын бағдарламада студенттер мәліметтердің қалай сақталатынын, өңделетінін, қолданылатынын және ақпараттық жүйелер арқылы қалай қауіпсіздік қамтамасыз етілетінін үйренеді. Студенттер бағдарламалау тілдері, мәліметтер базалары, операциялық жүйелер, графика, робототехника және басқа да күрделі технологиялар негіздерін игеріп, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу сияқты бағдарламалық инженерия пәндерін зерттейді.

Бағдарлама үнемі қайта қаралып, студенттердің болашақтағы кәсіби қызметіне сәйкес болуы қамтамасыз етіледі.

Оқу ақысы


Баға Бағдарлама басталу мерзімі
Қазақстандық студенттер үшін ақы 16,000 АҚШ доллары жылына 2026 жылғы қыркүйек
Халықаралық студенттер үшін ақы 18,000 АҚШ доллары жылына 2026 жылғы қыркүйек

Қабылдау талаптары

Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:

  • A-level: BBC бағалары
  • GCSE математикасы: B/6 бағасы
  • ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.

Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.

Модульдер

1-курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Есептеу ойлау 10 ECTS
Веб-қосымшалар 10 ECTS
Python тілінде мәселе шешу 10 ECTS
Архитектура және операциялық жүйелер 5 ECTS
Компьютерлік ғылымға арналған математика 5 ECTS
Объектіге бағытталған Java бағдарламалау 10 ECTS
Қауіпсіз бағдарламалық инженерлік принциптері, құралдары мен әдістері 10 ECTS

2-курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Адам мен компьютер арасындағы өзара әрекет 5 ECTS
Дерекқор жүйелері 5 ECTS
Қызметкерлік қабілетті арттыру 5 ECTS
Қауіпсіз коммуникациялық желілер 5 ECTS
Заттар интернеті 5 ECTS
Объектіге бағдарланған, алгоритмдер мен деректер құрылымдары 10 ECTS
Топтық жоба 10 ECTS

Қосымша модульдер

2-курста студенттер келесі таңдамалы модульдердің ішінен 15 ECTS кредит алады, оның ішінде:

Модуль атауыКредиттер
Есептеу математикасы 5 ECTS
Есептеу теориясына кіріспе 5 ECTS
Ғылыми есептеулер 5 ECTS
Деректерді өңдеу және визуализация 5 ECTS
Информатика 5 ECTS

3-курс (60 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Жаңа технологиялар 10 ECTS
Жеке жоба 20 ECTS

Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz.

Contact us

Our Admissions Team is available to help if you have any questions or need help with your application.